Жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін және қоғамдағы әділдікке кері әсер ететін келеңсіз құбылыс. Онымен күресу тек мемлекеттік органдардың міндеті емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.

Жемқорлықтың алдын алудың маңызды жолы – заң талаптарын сақтау және құқықтық сауаттылықты арттыру. Азаматтар өз құқықтары мен міндеттерін жақсы білген жағдайда заңсыз әрекеттерге қарсы тұру мүмкіндігі де артады. Қызметтік міндетін адал атқарып, халыққа сапалы қызмет көрсету – мемлекеттік қызметшілерге қойылатын негізгі талаптардың бірі.

Қоғамда пара беруге де, пара алуға да төзбеушілік қалыптасуы қажет. Әрбір заңсыз әрекетке бейжай қарамай, тиісті орындарға хабарлау – азаматтық жауапкершіліктің белгісі.

Адалдық пен әділдік берік орныққан қоғамда халықтың мемлекетке деген сенімі де арта түседі. Сондықтан жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет.

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT