Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін және азаматтардың мемлекетке деген сеніміне кері әсер ететін келеңсіз құбылыс. Онымен күрес тек мемлекеттік органдардың міндеті емес, әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Сондықтан қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызы зор.
Заң мен тәртіп қағидаты ең алдымен заң талаптарын құрметтеуді, адалдықты және өз міндетіне жауапкершілікпен қарауды білдіреді. Пара беру, пара алу, қызметтік мүмкіндікті жеке мақсатта пайдалану сияқты әрекеттерге немқұрайлы қарамау – азаматтық ұстанымның белгісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет отбасыдан, мектептен және күнделікті өмірден қалыптасады. Әр адам адал еңбекті бағалап, заңды сақтап, әділдікті қолдаса, қоғам да өзгереді.
Заңды құрметтеу, адалдықты таңдау және жемқорлыққа жол бермеу – тәртіпті әрі әділетті қоғам құрудың берік негізі.
Г.ЖОЛДАСҚАЛИҚЫЗЫ


