Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіріп, азаматтардың мемлекетке деген сеніміне сызат түсіретін күрделі мәселе. Онымен күресу тек мемлекеттік органдардың міндеті емес, әрбір азаматтың жауапкершілігін талап етеді.
Ауданымызда заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру және жемқорлықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Мемлекеттік қызметшілердің адалдығы мен ашықтығы – халық сенімінің маңызды негізі.
Жемқорлықтың алдын алуда қарапайым азаматтың да рөлі зор. Заңсыз әрекетке көз жұма қарамай, өз құқығын білу және пара бермеу – қоғамға қосылған үлкен үлес. Әр адам әділдік қағидатын өз өмірінен бастағаны жөн.
Таза қоғам құру – бір күнде жүзеге асатын іс емес. Ол адал еңбек, жауапкершілік және заңға деген құрмет арқылы қалыптасады. Жемқорлықсыз қоғам – әділетті әрі жарқын болашақтың кепілі.


