Жазылған сөздің де салмағы бар

Бір ауыз сөз адамның көңілін көтеруі де, көңілін түсіруі де мүмкін. Ал интернетте жазылған сөздің таралу жылдамдығы әлдеқайда жоғары. Сондықтан әлеуметтік желі қолданушылары өз пікірін білдірген кезде жауапкершілікті ұмытпауы керек.

Кибербуллинг көбіне мазақ ету, қорлау, кемсіту немесе адамның жеке мәліметтері мен суреттерін рұқсатсыз жариялау арқылы көрінеді. Мұндай әрекетке тап болған адам өзін жалғыз сезінуі мүмкін. Сондықтан айналадағы адамдардың қолдауы ерекше қажет. Кибербуллингті көрген жағдайда оған қосылмай, керісінше жәбірленушіге қолдау көрсету дұрыс.

Интернеттегі парақшаның ар жағында нақты адам отырғанын естен шығармаған жөн. Әр жазба мен пікірдің өз салмағы бар. Сөз мәдениетін сақтап, өзгенің шекарасын құрметтеу арқылы ғана қауіпсіз әрі жайлы цифрлық орта қалыптастыра аламыз.

 

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT