Жасыл желек – жарқын болашақтың кепілі

Табиғатты қорғау – тек қоршаған ортаны таза ұстаумен шектелмейді. Оның маңызды бір бөлігі – ағаш отырғызу, жасыл желекті көбейту және туған өлкенің табиғатын көздің қарашығындай сақтау. Әр егілген көшет – болашаққа жасалған игі қадам.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында жүзеге асып жатқан көгалдандыру жұмыстары табиғатқа жанашырлықтың нақты үлгісі деп санаймын. Осындай бастамалар тұрғындарды туған жердің көркеюіне үлес қосуға ынталандырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырады.

Бүгін еккен ағашымыз ертең сая болып, келер ұрпаққа таза ауа мен көрікті табиғат сыйлайды. Сондықтан туған өлкеміздің жасыл желегін көбейту – баршамыздың ортақ міндетіміз.

 

Г.ЖОЛДАСҚАЛИ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT