Жасыл желек – таза табиғаттың кепілі

Табиғаттың сұлулығы мен тазалығы – адамның қоршаған ортаға деген қарым-қатынасына байланысты. Ағаштар тек айналаны көріктендіріп қана қоймай, ауаны тазартып, адам өміріне қолайлы орта қалыптастырады. Сондықтан ағаш отырғызу мен көгалдандыру – табиғатты қорғаудың маңызды бағыттарының бірі.

Бір түп ағаш отырғызу – болашаққа жасалған игі қадам. Жасыл желекті көбейту арқылы біз ауаның сапасын жақсартып, қалалар мен ауылдардың көркін арттырамыз. Көгалдандыру жұмыстары адамдарды табиғатқа жақындатып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. «Таза Қазақстан» бастамасы да ел аумағын абаттандыруға, табиғатты қорғауға және әр азаматтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Бұл тек сенбіліктермен шектелмей, табиғатқа деген күнделікті қамқорлықтан көрінеді.

Қорытындылай келе, ағаш отырғызу – жай ғана көгалдандыру емес, ол келешек ұрпаққа таза әрі жайлы орта қалдырудың бір жолы. Табиғатты аялау әр адамның кішкентай әрекетінен басталады. Егер әрқайсымыз жасыл ортаны көбейтуге үлес қоссақ, Таза Қазақстан идеясы шынайы өмірде жүзеге асады.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT