Ауданның көркі – оның таза көшелерімен ғана емес, жасыл желегімен де өлшенеді. Осы тұрғыдан алғанда «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы көгалдандыру жұмыстарының маңызы зор.
Абаттандырылатын аумақтарға ағаштар мен көшеттер отырғызылып, жасыл аймақтарды көбейтуге көңіл бөлінуде. Бүгін отырғызылған бір талдың ертең саялы ағашқа айналып, тұрғындарға көлеңке мен таза ауа сыйлайтынын ескерсек, бұл – болашаққа жасалған игі қадам.
Сондықтан көгалдандыру жұмыстарына тек сенбілік кезінде емес, жыл бойы жауапкершілікпен қараған дұрыс. Ағаш отырғызу – табиғатты қорғаудың ғана емес, кейінгі ұрпаққа көркейген аудан қалдырудың жақсы үлгісі.
Г.СӘДУАҚАС


