Жасыл желек – табиғатқа жасалған құрмет

Табиғат – адамзаттың баға жетпес байлығы. Оны қорғау мен көркейту бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Әсіресе ағаш отырғызу және көгалдандыру жұмыстары қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартуға зор ықпал етеді.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында еліміздің көптеген өңірлерінде ағаш көшеттері отырғызылып, жасыл аймақтар көбейіп келеді. Бұл жұмыстар табиғаттың сәнін арттырып қана қоймай, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Табиғатты аялау – келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Сондықтан қоршаған ортаны көгалдандыруға үлес қосу арқылы туған өлкеміздің көркеюіне атсалысқанымыз жөн.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT