Жасыл желек – көрікті ауданның көркі

Тазалық пен тәртіп – елді мекеннің мәдениетін көрсететін негізгі құндылықтардың бірі. Ал таза әрі көрікті ортаны қалыптастыруда көгалдандыру жұмыстарының орны ерекше. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жүргізіліп жатқан абаттандыру шаралары ауданымыздың ажарланып, тұрғындарға қолайлы ортаның қалыптасуына мүмкіндік беріп отыр.

Аудан аумағында ағаш отырғызу, көше бойларын ретке келтіру, қоғамдық орындарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл – бір жағынан елді мекеннің сәулеттік келбетін жақсартса, екінші жағынан табиғатты қорғауға қосылған нақты үлес. Әсіресе, отырғызылған әрбір талдың болашақта көлеңке беріп, ауаның сапасын жақсартуға септігі мол.

Көгалдандыру жұмыстарының нәтижелі болуы үшін оны тек мамандардың міндеті деп қарамай, тұрғындардың да ортақ ісі ретінде қабылдау қажет. Әр азамат өз ауласына ағаш отырғызып, егілген көшеттерге күтім жасаса, ауданның жасыл желегі жыл сайын көбейе береді.

Таза әрі жасыл аудан – тұрғындардың өмір сүруіне жайлы орта. Сондықтан «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы көгалдандыру жұмыстарын қолдап, туған жеріміздің көркеюіне әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек. Бүгінгі жасыл бастама – ертеңгі ұрпаққа қалатын игі мұра.

 

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT