Туған жердің көркі тек таза көшесімен емес, жасыл желегімен де ерекшеленеді. Осы тұрғыдан алғанда «Таза Қазақстан» бастамасы елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға да жаңа серпін беріп отыр.
Ағаш отырғызу, гүл егу, аулаларды көгалдандыру – бүгінгі күннің ғана емес, келешектің қамы. Бүгін отырғызылған бір тал бірнеше жылдан кейін ауылдың ажарын арттырып, тұрғындарға саялы орынға айналады.
Әр отбасы өз ауласына бір талдан отырғызса да, оның нәтижесі үлкен болмақ. Табиғатты аялау – туған жерге деген сүйіспеншіліктің бір көрінісі. Сондықтан көгалдандыру жұмыстарын тұрақты жалғастырып, жасыл желекті күтіп-баптауға баршамыз үлес қосуымыз қажет.



