Жасыл мекен – жарқын болашақ

«Таза Қазақстан» акциясының ең маңызды нәтижелерінің бірі – халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Қоршаған ортаны қорғау тек арнайы қызметтердің емес, әрбір азаматтың міндеті деп есептеймін.

Бұл бағытта жастардың белсенділігі ерекше байқалады. Сенбіліктерге, тазалық шараларына және абаттандыру жұмыстарына қатысу арқылы жастар өз ортасына жанашырлық танытып жүр. Ең бастысы – қоқысты кез келген жерге тастамау, табиғатты ластамау және қоғамдық орындардың тазалығын сақтау әдетке айналуы керек.

Таза аудан – таза ой мен дұрыс мәдениеттің белгісі. Егер әр адам табиғатты қорғауға өз үлесін қосса, үлкен нәтижеге қол жеткіземіз. Сондықтан «Таза Қазақстан» идеясын күнделікті өмір салтымызға айналдыруымыз қажет.

 

Г.СӘДУАҚАСОВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT