Жасыл болашақ – бүгінгі әрекеттен басталады

Табиғат – адамзатқа берілген баға жетпес байлық. Оны қорғау тек мамандардың немесе арнайы ұйымдардың міндеті емес, әр адамның ортақ жауапкершілігі. «Таза Қазақстан» бастамасы осы түсінікті қоғам арасында кеңінен қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамға айналды.

Қоршаған ортаны қорғаудың ең қарапайым жолы – табиғатқа зиян келтірмеу. Қоқысты шашпау, суды ысырап етпеу, ағаштарды күтіп-баптау, қалдықтарды сұрыптау сияқты әрекеттердің өзі экологияға пайдасын тигізеді. Ал ағаш отырғызу – болашақ ұрпаққа қалдырылатын игі мұра.

Бүгінде елімізде көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде. Соңғы жылдары «Таза Қазақстан» аясында миллиондаған ағаш отырғызылып, көптеген экологиялық іс-шаралар өткізілді.

Табиғатты бүгін қорғасақ, ертеңгі ұрпаққа таза ауа, мөлдір су, көрікті мекен қалдырамыз. Сондықтан жасыл болашақ әрқайсымыздың бүгінгі кішкентай әрекетімізден басталады.

 

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT