Жастардың жасыл бастамасы

Аудан жастары «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосып келеді. Сенбілік кезінде жастар көшелер мен қоғамдық орындарды тазалап қана қоймай, қоршаған ортаны қорғау жөнінде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Әсіресе еріктілердің бастамасы көңіл қуантады. Олар табиғатты қорғауды тазалық шараларымен шектемей, ағаш отырғызу, аулаларды көгалдандыру және қоқысты белгіленген орындарға тастау мәдениетін насихаттауға басымдық беруде.

Жастардың мұндай белсенділігі – өскелең ұрпақтың туған жерге деген жанашырлығының белгісі. Экологиялық тәрбие отбасынан басталып, мектепте жалғасып, қоғамда қалыптасады.

Бүгінгі жас ұрпақтың табиғатқа деген көзқарасы – ертеңгі ауданның келбетіне әсер етеді. Сондықтан жасыл бастамаларды қолдау – баршамызға ортақ міндет.

 

Г.СӘДУАҚАСОВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT