Жастарды есірткіден қорғау – ортақ міндет

Есірткі – адамның денсаулығына ғана емес, оның болашағына да үлкен қауіп төндіретін мәселе. Әсіресе жастардың зиянды әдеттерден аулақ болуы үшін түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, олардың спортпен, шығармашылықпен және пайдалы істермен айналысуына мүмкіндік жасау маңызды.

«Заң мен тәртіп» қағидаты есірткінің таралуына жол бермеуде ерекше орын алады. Әр тұрғын күмәнді жағдайға бейжай қарамай, құқық бұзушылықтың алдын алуға өз үлесін қоса алады. Сонымен қатар ата-ана мен бала арасындағы ашық әңгіме де көптеген қауіптің алдын алады.

Есірткісіз қоғам құру – тек құқық қорғау органдарының емес, барша азаматтың міндеті. Жастарымыздың жарқын болашағы үшін бүгіннен бастап қауіпсіз әрі салауатты орта қалыптастыруымыз қажет.

 

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT