Жастар және заң: құқықты білу – жауапкершілікті сезіну

Жасөспірімдік кезең – адамның көзқарасы мен мінез-құлқы қалыптасатын маңызды уақыт. Осы кезеңде бала өзінің әрекетінің салдарын түсініп, құқық пен міндеттің не екенін білуі қажет. Сондықтан құқықтық тәрбие мектептегі бір реттік түсіндіру жұмыстарымен шектелмеуі тиіс.

Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда ата-ана, мектеп және құқық қорғау органдарының өзара байланысы маңызды. Балаға тек «бұлай жасауға болмайды» деп ескерту жеткіліксіз. Оның себебін түсіндіріп, дұрыс шешім қабылдауға бағыт көрсету қажет. Бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау, спорт пен шығармашылыққа қызығушылығын қолдау да профилактиканың бір жолы.

Заңды білу – жазадан қорқу үшін емес, өз әрекетіңе жауап бере алу үшін қажет. Бүгін құқықтық сауаттылыққа мән берген жас – ертең қоғам алдындағы жауапкершілігін түсінетін азамат болып қалыптасады.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT