«Таза Қазақстан» бастамасы аудан жастарының да белсенділігін арттырып отыр. Қоршаған ортаны қорғау мен туған жерді көркейту – тек үлкендердің емес, жас ұрпақтың да маңызды міндеті. Осы бағытта аудан жастары түрлі тазалық шараларына қатысып, қоғамдық орындарды ретке келтіруге үлес қосуда.
Сенбілік кезінде жастар саябақтар мен көшелерді қоқыстан тазартып, ағаш көшеттерін отырғызуға атсалысады. Бір қарағанда қарапайым көрінгенімен, мұндай жұмыстардың тәрбиелік мәні зор. Жастар табиғатты қорғаудың маңызын түсініп, айналасына үлгі көрсетеді. Сонымен қатар ортақ іске жұмылып, бір-біріне қолдау танытады.
Тазалық мәдениеті бала кезден қалыптасады. Сондықтан әр жас өз ауласын, мектебін, көшесін таза ұстауға жауапкершілікпен қарауы қажет. Бүгінгі жастардың табиғатқа деген жанашырлығы – ертеңгі таза әрі көрікті ауданның кепілі. Туған жерді таза ұстау – баршамызға ортақ парыз.
Г.СӘДУАҚАС


