«Таза Қазақстан» акциясының тағы бір маңызды қыры – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруы. Бүгінде жастардың сенбіліктерге, көгалдандыру жұмыстарына және түрлі қоғамдық шараларға белсенді қатысып жүргені қуантады. Бұл – олардың туған жерге деген жанашырлығының көрінісі.
Экология мәселесі тек қоқыс жинаумен шектелмейді. Табиғатты қорғау, ағаштарды күту, суды ысырап етпеу, қоршаған ортаға зиян келтірмеу сияқты қарапайым әрекеттердің өзі үлкен нәтижеге жеткізеді. Осындай мәдениет бала кезден қалыптасса, болашақта табиғатты қадірлейтін саналы ұрпақ өседі.
Менің ойымша, «Таза Қазақстан» бізге табиғатқа деген көзқарасымызды өзгертуге мүмкіндік беріп отыр. Әр жас өз ауданын, ауылын таза ұстауға үлес қосса, бұл бастаманың нәтижесі одан әрі көріне түседі.
Г.СӘДУАҚАСОВА



