Жасөспірім қауіпсіздігі – басты назарда

Жас ұрпақтың тәрбиесі мен қауіпсіздігі – қоғамның ортақ жауапкершілігі. Әсіресе жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу «Заң мен тәртіп» бағытының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Баланың заңды білуі, өз құқығы мен міндетін түсінуі оның дұрыс шешім қабылдауына ықпал етеді. Бұл ретте ата-ана, мектеп және қоғам бірлесе әрекет етіп, жасөспірімдерге құқықтық тәрбие беруге ерекше көңіл бөлуі қажет. Бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спорт пен шығармашылыққа қызығушылығын арттыру да теріс әрекеттердің алдын алуға көмектеседі.

Жасөспірімге дұрыс бағыт көрсету – оның болашағына жасалған инвестиция. Заңды құрметтеп, тәртіпті сақтаған жас ұрпақ – қауіпсіз әрі тұрақты қоғамның негізі.

 

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT