Жалған ақпарат тарату – қоғамға төнген қауіп

Қазіргі ақпараттық дәуірде жаңалық тарату бұрынғыдан әлдеқайда жеңілдеді. Әлеуметтік желілер мен түрлі мессенджерлер арқылы кез келген ақпарат санаулы секундтардың ішінде мыңдаған адамға жетеді. Алайда ақпараттың жылдам таралуымен қатар жалған мәліметтердің де көбеюі қоғам үшін үлкен мәселеге айналып отыр.Кейде адамдар ақпараттың рас-өтірігін анықтамастан оны өзгелерге жіберіп, таратып жатады. 

Мұндай әрекет қоғамда түсініспеушілік туғызып, тұрғындар арасында негізсіз үрей мен алаңдаушылық қалыптастыруы мүмкін. Әсіресе төтенше жағдайлар, қоғамдық қауіпсіздік немесе денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты жалған ақпараттардың салдары ауыр болуы ықтимал.

Заңнамада жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Сондықтан әрбір азамат ақпаратты бөліспес бұрын оның дереккөзіне назар аударып, шынайылығын тексеруі қажет. Ақпараттық мәдениет пен жауапкершілік – қазіргі қоғамның маңызды талаптарының бірі.

Заң мен тәртіпті сақтау тек құқық бұзушылықтың алдын алумен шектелмейді. Ол ақпараттық кеңістікте де жауапкершілік танытудан басталады. Әр азамат жалған ақпараттың таралуына жол бермей, тек сенімді дереккөздерге сүйенген жағдайда ғана қоғамдағы тұрақтылық пен сенім нығая түседі. Сондықтан ақпаратпен жұмыс істеуде қырағылық таныту – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT