Жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан сапар

Қазақстан Президентінің Қытай Халық Республикасына жасаған сапары – ел мүддесін қорғауға және халықаралық байланыстарды одан әрі дамытуға бағытталған маңызды қадам. Бұл кездесу екі мемлекет арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастың берік негізін айқындап берді.

Сапар аясында экономикалық әріптестік, инвестиция тарту, өндіріс пен көлік саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерінің қарастырылуы Қазақстан үшін үлкен маңызға ие. Мұндай келісімдер еліміздің даму қарқынын арттырып, өңірлер үшін де жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға ықпал етеді.

Бүгінде мемлекеттер арасындағы сенімді байланыс – тұрақты дамудың басты шарттарының бірі. Президенттің бұл сапары Қазақстанның ашық әрі тиімді сыртқы саясатын көрсетіп, елдің халықаралық аренадағы беделін нығайта түсті деп санаймын.

 

С.ЖАЙЛАШЕВ,

Махамбет аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT