«Таза Қазақстан» аясында атқарылып жатқан жұмыстарға қарап, бір нәрсеге көз жеткізесің: елді мекеннің тазалығы тек коммуналдық қызметке байланысты емес. Қанша жерді тазалап, қанша қоқыс жәшігін орнатқанымызбен, адамдардың өз мәдениеті өзгермесе, мәселе қайта қайталана береді.
Кейде тазаланған аумақтың араға бірнеше күн салып қайта ластанғанын көреміз. Бұл – тазалық жұмысының кемшілігі емес, ең алдымен, өзіміздің жауапкершілігімізге байланысты мәселе. Қоқысты белгіленген жерге тастау, табиғат аясында демалғаннан кейін орнымызды жинау, ортақ мүлікке ұқыпты қарау сияқты қарапайым әрекеттер үлкен нәтижеге жеткізеді.
Сондықтан «Таза Қазақстанды» тек сенбілікпен байланыстыру дұрыс емес деп есептеймін. Оның басты мақсаты – адамның санасына тазалық мәдениетін қалыптастыру. Әр тұрғын «бұл менің ауданым, бұл менің туған жерім» деп қараса, көп мәселе өздігінен шешілер еді. Таза аудан құру үшін үлкен нәрседен бұрын, осындай қарапайым әдеттерді қалыптастыруымыз қажет.
Г.СӘДУАҚАС


