Заңның күші – оның орындалуы

Кез келген қоғамда заң көп болуы мүмкін. Бірақ заңның қағаз жүзінде жазылуы жеткіліксіз. Оның шынайы күші азаматтардың күнделікті өмірінде орындалуымен өлшенеді.

Адамдардың бір-бірінің құқығын сыйлауы, даулы мәселені күшпен емес, заңды жолмен шешуі, жауапкершіліктен жалтармауы – құқықтық қоғамның нақты белгілері.

Бұл ретте құқық қорғау органдарының жұмысы ерекше маңызға ие. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың жолын кесу, азаматтардың өтініштерін қарау және алдын алу шараларын жүргізу – тұрақтылықты сақтаудың маңызды тетіктері. Бірақ заң талаптарын орындау тек бақылау болған кезде ғана емес, адамның ішкі жауапкершілігіне айналғанда нәтижелі болады.

Сондықтан заң мен тәртіпті насихаттау жазалау шараларын айтумен шектелмеуі керек. Азамат өз құқығын да, міндетін де білуі қажет. Әділдікке жүгіну жолын білетін қоғамда мәселені өркениетті түрде шешуге мүмкіндік көбейеді.

Заңға құрмет – ұранмен емес, нақты әрекетпен көрінеді. Ал әр азамат өзінен бастаған жауапкершілік арқылы ауданның қоғамдық ахуалына өзіндік үлесін қоса алады.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT