Заңға құрмет – тәртіптің негізі

Қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылық үлкен ұрандардан емес, күнделікті қарапайым тәртіптен басталады. Көшеде белгіленген тәртіпті сақтау, қоғамдық орында өзгенің құқығына құрметпен қарау, жол ережесін бұзбау, өз міндетін жауапкершілікпен орындау – заңға деген құрметтің нақты көрінісі.

Аудан тұрғындары үшін қауіпсіз орта қалыптастыру – маңызды міндеттердің бірі. Бұл бағытта құқық қорғау органдары профилактикалық жұмыстар жүргізіп, құқық бұзушылықтың алдын алуға, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға назар аударып келеді.

Заң талаптарының сақталуы тек полицияның жұмысына байланысты емес. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге әр азаматтың өз үлесі бар. Себебі кез келген құқық бұзушылықтың артында нақты адам, нақты әрекет және оның салдары тұрады.

Әсіресе жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызы зор. Өз құқығын білетін адам өзгенің де құқығын сыйлауға үйренеді. Заңды білу – жазадан қорқу үшін емес, қоғамдағы ортақ ережені түсіну үшін қажет.

Тұрғындардың құқықтық сауаты артқан сайын түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік көбейеді. Күмәнді жағдайға тап болған кезде мәселені өз бетінше ушықтырмай, тиісті органдарға жүгіну де – құқықтық мәдениеттің бір белгісі.

Заң бәріне ортақ болған жерде тәртіп те орнығады. Ал тәртіп бар жерде тұрғындардың қауіпсіздігі мен өзара сенімі нығая түседі.

Сондықтан заң мен тәртіпті сақтау – бір мекеменің ғана міндеті емес. Ол – әр азаматтың күнделікті жауапкершілігінен басталатын ортақ құндылық.

 

Г.ЖОЛДАСҚАЛИ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT