Заңға құрмет – тұрақтылықтың негізі

«Заң мен тәртіп» қағидаты – қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің негізгі тірегі. Ауданымызда тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізіліп келеді.

Заңды білу – өз құқығыңды қорғаумен қатар, өз міндетіңді де түсіну деген сөз. Әр азамат қоғамдық тәртіпті сақтап, айналасындағылардың құқығы мен тыныштығын құрметтесе, ортақ орта да қауіпсіз бола түседі.

Тәртіп бар жерде тұрақтылық болады. Сондықтан заң талаптарын сақтау әрқайсымыздың күнделікті өміріміздегі басты ұстанымымызға айналуы керек.

 

Г.ЖОЛДАСҚАЛИҚЫЗЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT