Заңға құрмет – қоғамға жауапкершілік

Қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықтың негізі – заң мен тәртіптің сақталуы. Заң баршаға ортақ талаптарды белгілеп, әр азаматтың құқығы мен міндетін айқындайды. Сондықтан заңды білу ғана емес, оны құрметтеу де маңызды.

Қоғамдық тәртіптің сақталуы күнделікті өмірдегі қарапайым әрекеттерден басталады. Көшеде белгіленген тәртіпті сақтау, қоғамдық орындарда айналадағы адамдарға кедергі келтірмеу, өзгенің мүлкіне қол сұқпау, жанжалдың алдын алу – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Бір адамның тәртіпке немқұрайлы қарауы кей жағдайда өзгелердің қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін.

Бұл бағытта құқық қорғау органдарымен қатар, қоғам мүшелерінің де рөлі ерекше. Тұрғындар заң бұзушылыққа бейжай қарамай, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосқанда ортақ қауіпсіздік нығая түседі. Әсіресе отбасында балаға тәртіптің маңызын түсіндіру – жақсы азамат қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.

Заңды сақтау – тек жауапкершіліктен қорқу емес, өзіңді және айналаңдағы адамдарды құрметтеу. Құқық пен міндетін білетін, тәртіпке бағынатын азаматтар көбейген сайын қоғамдағы өзара сенім де артады.

Сондықтан заң мен тәртіпті сақтау әрқайсымыздың күнделікті өміріміздегі берік қағидаға айналуы тиіс. Тәртіпті қоғам – қауіпсіз әрі тұрақты қоғам.

 

Г.Сәдуақас

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT