Қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың қауіпсіз өмір сүруі заңның үстемдігіне тікелей байланысты. Әрбір адам заң талаптарын сақтап, өз құқықтары мен міндеттерін білу арқылы қоғамдық тәртіптің нығаюына үлес қосады.
Заңға құрмет көрсету – тек құқық бұзбау ғана емес, өзгелердің құқығын сыйлау, қоғамдық тәртіпті сақтау және жауапкершілікті сезіну. Құқықтық мәдениеті жоғары қоғамда өзара сенім артып, әділдік қағидаттары берік орнығады.
Сондықтан заңға бағыну мен тәртіпті сақтау әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Заң үстемдік құрған жерде тұрақтылық, қауіпсіздік және даму болады.


