Қоғамда тыныштық пен тұрақтылықтың сақталуы ең алдымен заңға деген құрметтен басталады. Заң – адамдардың құқықтары мен міндеттерін реттеп қана қоймай, әр азаматтың қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасайтын маңызды негіз.
Күнделікті өмірде заңды сақтау аса қиын нәрсе емес. Жол ережесін орындау, қоғамдық орында тәртіп сақтау, өзгенің мүлкіне қол сұқпау, басқа адамның құқығын құрметтеу – мұның бәрі заңға деген жауапкершіліктің көрінісі. Кейде адамдар үлкен құқық бұзушылықтарды ғана мәселе деп қабылдайды. Алайда ұсақ тәртіпсіздікке көз жұму да қоғамға кері әсерін тигізеді.
Сондықтан заң талаптарын сақтау әр азаматтың әдетіне айналуы қажет. Заңға құрметпен қарайтын қоғамда адамдар бір-біріне сеніммен қарап, өздерін қауіпсіз сезінеді. Елдегі тәртіптің берік болуы әрқайсымыздың жауапкершілігімізге байланысты.
Г.СӘДУАҚАС


