Қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықтың сақталуы тек құқық қорғау органдарының жұмысына байланысты емес. Оның негізінде әр азаматтың заңды құрметтеуі, өз міндетін орындауы және өзгенің құқығына қол сұқпауы жатыр. «Заң мен тәртіп» қағидаты да осы жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Аудан тұрғындары арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған түсіндіру жұмыстарының маңызы зор. Себебі заң талаптарын білу адамға құқық бұзушылықтың алдын алуға және өз құқығын дұрыс қорғауға мүмкіндік береді.
Тәртіп қарапайым әрекеттерден басталады. Қоғамдық орында белгіленген талапты сақтау, жол ережесіне бағыну, біреудің тыныштығын бұзбау – заңға құрметтің көрінісі. Әркім өзінен бастаса, қоғамдық тәртіп те нығая түседі.



