Заңды білу – өз құқығыңды қорғаудың негізі

Құқықтық сауаттылық – әр азамат үшін маңызды қасиет. Өз құқықтары мен міндеттерін білетін адам қоғамда болып жатқан жағдайларға бейжай қарамай, заң талаптарын дұрыс сақтай алады.

Заңды білу тек құқық бұзушылықтан сақтану үшін емес, өз мүддеңді қорғау үшін де қажет. Әсіресе жастардың құқықтық білімін арттырудың маңызы зор. Мектепте, отбасында және қоғамдық ортада заңды құрметтеу, жауапкершілікті сезіну жөнінде түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуі керек. Қарапайым құқықтық білімнің өзі адамға көптеген мәселелердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Заңға құрмет – өркениетті қоғамның негізгі белгісі. Әр азамат өз құқығын біліп қана қоймай, өзгенің де құқығын құрметтеуі тиіс. Сондықтан құқықтық сауатты ұрпақ қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет. Заңды сақтау арқылы біз әділетті әрі қауіпсіз қоғам құруға үлес қосамыз.

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT