Құқықтық сауаттылық – қоғамдағы тұрақтылықтың маңызды негіздерінің бірі. «Заң мен тәртіп» қағидаты әр азаматтың өз құқығы мен міндетін білуінен басталады. Осы бағытта Махамбет ауданында тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
Азамат күнделікті өмірде түрлі құқықтық мәселелерге тап болуы мүмкін. Еңбек қатынасы, әлеуметтік төлемдер, отбасылық міндеттер, мүлік немесе құжат мәселесінде заң талаптарын білу адамға дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Сондықтан құқықтық ақпараттың қолжетімді болуы маңызды.
Заңды білу – тек жауапкершіліктен қорғану емес, өз құқығыңды дұрыс пайдалану деген сөз. Құқығын білетін, міндетін түсінетін азамат қоғамдағы тәртіптің нығаюына да өз үлесін қосады.


