Қоғамның тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіз өмір сүруі ең алдымен заңның үстемдігіне байланысты. Заң мен тәртіп сақталған жерде әділдік орнап, адамдардың құқықтары қорғалып, мемлекетке деген сенім нығая түседі. Сондықтан заң талаптарын сақтау – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Бүгінде елімізде заң мен тәртіп қағидатын нығайтуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бағыттағы жұмыстар құқық бұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтардың жауапкершілік сезімін қалыптастыруға негізделген. Әсіресе аудан тұрғындарының тазалықты сақтау, жол қозғалысы ережелерін орындау, қоғамдық орындардағы мәдениетті мінез-құлықты ұстану секілді қарапайым қағидаларды берік ұстануы – заңға құрметтің нақты көрінісі.
Заң мен тәртіп – тек құқық бұзушылыққа қарсы күрес емес. Ол өзгенің құқығын сыйлау, адал еңбек ету, қоғам мүлкіне жанашырлықпен қарау, қоршаған ортаны қорғау және қоғамдық келісімді нығайту сияқты маңызды құндылықтарды қамтиды. Әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын бұлжытпай орындағанда ғана қауіпсіз әрі берекелі қоғам қалыптасады.
Біздің ауданымызда да құқықтық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жастарды отансүйгіштікке және заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу бағытындағы іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп келеді. Мұндай бастамалар азаматтардың құқықтық санасын арттырып қана қоймай, қоғамдық тәртіптің нығаюына оң ықпал етеді.
Заңды құрметтеу – өркениетті қоғамның басты белгісі. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, өз міндетіне жауапкершілікпен қараса, қоғамда өзара сенім артып, тұрақтылық пен қауіпсіздік нығая түседі. Сондықтан заң мен тәртіпті сақтау – еліміздің жарқын болашағына қосылатын маңызды үлес.
Г.Сәдуақас


