Заң сақталған жерде сенім нығаяды

Қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықтың негізі – заң мен тәртіптің сақталуы. Әрбір азамат заң талаптарын құрметтеп, қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қараған кезде ғана ел ішінде өзара сенім мен қауіпсіздік нығая түседі. Сондықтан заңға бағыну – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, барша тұрғынның ортақ міндеті.

Махамбет ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Учаскелік полиция инспекторлары, прокуратура қызметкерлері және өзге де құзырлы органдар тұрғындармен кездесулер өткізіп, интернет-алаяқтық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерін кеңінен түсіндіруде. Мұндай жұмыстар азаматтардың заң талаптарын тереңірек түсінуіне және құқықтық мәдениетінің қалыптасуына ықпал етеді.

Заң мен тәртіп – қоғамның берік тірегі. Әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын бұлжытпай орындаса, ауданымызда қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптасады. Ендеше, құқықтық мәдениетті бірге қалыптастырып, заңды құрметтеу арқылы ауданымыздың тыныштығы мен берекесін сақтауға әрқайсымыз үлес қосайық.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT