Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздік ең алдымен заң мен тәртіптің сақталуына байланысты. Заң талаптарын құрметтеу – әр азаматтың міндеті әрі ел алдындағы жауапкершілігі.
Ауданымызда қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте мемлекеттік органдармен қатар, әр тұрғынның да жауапкершілігі маңызды. Заңды білу және оның талаптарын орындау – құқықтық мәдениеттің басты белгісі.
Тәртіп бар жерде сенім мен тұрақтылық қалыптасады. Сондықтан заңға құрметпен қарап, өз құқығымызбен қатар міндетімізді де білуіміз қажет. Заң мен тәртіпті сақтау – қауіпсіз әрі берекелі қоғам құрудың берік негізі.
Г.СӘДУАҚАСОВА


