Заң мен тәртіп – тұрақтылық негізі

Ауданымызда қоғамдық тәртіп пен заң талаптарын сақтау – басты міндеттердің бірі. Заң үстемдігі орныққан жерде тұрақтылық пен қауіпсіздік те берік болады. Сондықтан әр азамат өз құқығын біліп қана қоймай, өз міндетін де жауапкершілікпен орындауы қажет.

Аудан көлемінде құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында түрлі түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мектептерде жастарға заң талаптарын сақтау, тәртіпті болу және өз әрекетінің салдарын түсіну жөнінде кездесулер ұйымдастырылып келеді. Мұндай жұмыстардың маңызы зор.

Заң мен тәртіпті сақтау – тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Әр тұрғын қоғамдық ортада тәртіп сақтап, заң талаптарын құрметтесе, ауданымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығы нығая түседі.

 

Г.СӘДУАҚАСОВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT