Ауданда тұрмыстық жанжалдың алдын алу – өте маңызды мәселелердің бірі. Отбасындағы түсініспеушілік уақытында шешілмесе, оның арты үлкен мәселеге ұласуы мүмкін. Сондықтан қандай жағдай болса да, бір-бірін тыңдап, сабырмен сөйлесіп, мәселені өркениетті түрде шешуге ұмтылған дұрыс.
«Заң мен тәртіп» қағидаты әр отбасының қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғаудан басталады. Тұрмыстық жанжалға жол бермеу, өзара сыйластықты сақтау және қиын жағдайда тиісті мамандардан көмек сұрау – әр азаматтың жауапкершілігі.
Ауданымызда отбасылардың берекесі мен тұрғындардың қауіпсіздігіне мән беріліп, осындай мәселелердің алдын алу жұмыстары жалғаса беруі керек. Тыныш отбасы – тыныш ауданның, ал тыныш аудан – берекелі қоғамның негізі.
Г.ЖОЛДАСҚАЛИ


