Қай қоғамда болмасын тыныштық пен тұрақтылықтың басты кепілі – заңның үстемдігі мен тәртіптің сақталуы. Заң – баршаға ортақ ереже, ал тәртіп – сол ережені құрметтеу мәдениеті.
Бүгінгі таңда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту – әр азаматтың жауапкершілігі. Өйткені құқық бұзушылықтың алдын алу тек полицияның ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ ісі. Әр адам өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарап, заңды құрметтеген жағдайда ғана әділетті әрі қауіпсіз орта қалыптасады.
Заңға бағыну – бұл қорқыныш емес, керісінше саналы азаматтың таңдауı. Тәртіп бар жерде – береке бар, ал береке бар жерде – дамыған қоғам бар.


