Қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігі – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Соңғы жылдары заңсыз есірткі айналымы әлемдегі ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Есірткі заттарын заңсыз сақтау, қолдану және тарату – тек заң бұзушылық қана емес, ұлттың денсаулығына, жастардың болашағына және қоғамның тұрақтылығына төнген үлкен қауіп. Сондықтан заң мен тәртіпті сақтау – мұндай кеселдің алдын алудың ең тиімді жолы.
Есірткі адам өмірін ғана емес, бүтін бір отбасының тағдырын өзгертуі мүмкін. Оған тәуелді болған адам денсаулығынан, білімінен, жұмысынан айырылып, ақырында қылмысқа баруы ықтимал. Ал есірткіні заңсыз таратушылар өзгелердің өмірін пайда көзіне айналдырып, қоғамға орны толмас зиян келтіреді. Осындай әрекеттердің жолын кесу үшін құқық қорғау органдарының жұмысы ғана жеткіліксіз. Әр азамат заң талаптарын құрметтеп, қоғамдағы тәртіпті сақтауға өз үлесін қосуы қажет. Әсіресе, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, есірткінің зияны туралы ашық айту – бүгінгі күннің маңызды міндеті.
Есірткіге қарсы күрес тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның ортақ ісі болуы тиіс. Заң мен тәртіп салтанат құрған жерде заңсыз әрекеттерге орын болмайды. Әрбір азамат заңды сыйлап, зиянды әдеттерден аулақ болса, болашақ ұрпаққа қауіпсіз әрі жарқын қоғам қалыптастыра аламыз.


