Заң мен тәртіп – қауіпсіз әрі тұрақты қоғамның басты негіздерінің бірі. Заң талаптарын сақтау тек құқық бұзушылық жасаудан бас тарту емес, сонымен қатар өз құқығыңды білу және өзгенің құқығына құрметпен қарау деген сөз.
Әсіресе жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру маңызды. Жас азамат заңды жақсы білген сайын түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік алады. Қоғамдық орында тәртіп сақтау, бөтеннің мүлкіне қол сұқпау, жол ережесін орындау сияқты қарапайым талаптардың өзі ортақ қауіпсіздікке әсер етеді.
Құқықтық мәдениет бір күнде қалыптаспайды. Ол отбасынан, мектептен және күнделікті ортадан басталады. Заңды сыйлау – қорқыныштан емес, жауапкершіліктен туындауы тиіс.
Тәртіпке бағынған қоғамда әр азамат өзін қауіпсіз сезінеді. Сондықтан заңды білу мен оны сақтау – баршаға ортақ міндет.
Г.СӘДУАҚАСОВА


