Заң мен тәртіп – ел дамуының басты кепілі

Қоғамның дамуы мен елдің өркендеуі ең алдымен заңның үстемдігіне байланысты. Заң үстемдік еткен жерде әділдік салтанат құрып, азаматтардың құқығы қорғалады. Сондықтан заң мен тәртіпті сақтау – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Бүгінгі таңда жастардың қоғамдағы белсенділігі артып келеді. Бұл – қуантарлық жағдай. Алайда белсенділік жауапкершілікпен ұштасқанда ғана өз нәтижесін береді. Заңды құрметтеу, қоғамдық тәртіпті сақтау, ел мүддесін бәрінен жоғары қою – әрбір жас ұстанатын басты қағидат болуы тиіс. Себебі заңға бағыну – өркениетті қоғамның айқын белгісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Заң мен тәртіп» қағидатын мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты ретінде айқындап келеді. Бұл бастама елімізде әділ қоғам қалыптастыруға, құқықтық мәдениетті нығайтуға және азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттыруға бағытталған маңызды қадам деп есептеймін.

Жастар белсендісі ретінде заң талаптарын сақтау – әркімнің өзінен басталатынына сенемін. Адал еңбек ету, қоғамдық орындарда мәдениеттілік таныту, өзгенің құқығын құрметтеу және құқық бұзушылыққа бейжай қарамау – еліміздің болашағына қосылған нақты үлес.

Заң мен тәртіп – тек құқықтық ұғым емес, ол – қоғамдағы өзара сенімнің, бірліктің және тұрақтылықтың кепілі. Сондықтан заңды құрметтеу мен тәртіпті сақтау әрбір азаматтың өмірлік ұстанымына айналуы қажет. Сонда ғана біз қауіпсіз, әділетті әрі дамыған Қазақстанды бірге қалыптастыра аламыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT