Тыныш аула – қауіпсіз аудан

Кешкі уақытта балалардың алаңсыз ойнап, тұрғындардың емін-еркін серуендеуі – кез келген елді мекеннің тыныштығын көрсетеді. Осындай қауіпсіз ортаны қалыптастыруда әр тұрғынның жауапкершілігі маңызды.

«Заң мен тәртіп» қағидаты тек құқық қорғау органдарының жұмысы ғана емес, ол – әр азаматтың күнделікті өмірдегі мәдениеті. Аулада тазалықты сақтау, қоғамдық орындарда тәртіп бұзбау, түнгі уақытта тыныштықты сақтау сияқты қарапайым әрекеттер тұрғындардың жайлы өмір сүруіне ықпал етеді.

Қауіпсіз әрі тәртіпті аудан – бәріміздің ортақ еңбегіміздің нәтижесі. Сондықтан заңды құрметтеп, қоғамдық тәртіпке бейжай қарамайық.

Г.Сәдуақас

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT