Туған жердің тазалығы мен көркеюі әр азаматтың көңілінен шығатын маңызды мәселе деп ойлаймын. Осы тұрғыдан алғанда, «Таза Қазақстан» акциясының берері мол. Акция аясында ұйымдастырылатын сенбіліктер адамдарды ортақ іске жұмылдырып, туған өлкеге деген жауапкершілікті арттырады. Бірі ауласын тазаласа, енді бірі ағаш отырғызып, абаттандыру жұмыстарына атсалысады. Осындай шағын істердің өзі елді мекеннің көркін өзгертуге ықпал етеді. Ең бастысы – тазалықты тек арнайы шара кезінде емес, күнделікті өмірде сақтау. Өзіміз тұрған ортаны таза ұстау арқылы балаларымызға да дұрыс үлгі көрсетеміз. Туған жерге жанашырлық үлкен сөзден емес, осындай қарапайым әрі нақты әрекеттерден басталады.
Туған жерге жанашырлық – азаматтық парыз
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 47


