Туған жерге деген таза ниет

Туған жердің тазалығы мен көркі – баршаға ортақ құндылық. «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауданымызда жүргізіліп жатқан жұмыстар елді мекеніміздің ажарын ашып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр.

Тазалық жұмыстарымен қатар, көгалдандыру және абаттандыруға көңіл бөлінуі де маңызды. Көшелердің көркейіп, айналаның жасыл желекке бөленуі – аудан тұрғындарының ортақ еңбегінің нәтижесі.

Әрқайсымыз өзіміз тұратын ортаны таза ұстап, табиғатты аялап, туған жеріміздің дамуына үлес қоссақ, жақсы өзгерістер еселене береді. «Таза Қазақстан» – баршамызды бірлікке үндейтін игі бастама.

 

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT