Туған жерге деген құрмет – тазалықтан көрінеді

Адамның туған жеріне деген сүйіспеншілігін сөзбен ғана емес, ісімен де көрсетуге болады. Меніңше, соның ең қарапайым мысалы – айналамызды таза ұстау. Өзіміз тұратын көшеге, аулаға, саябаққа немқұрайлы қарамау – туған жерге деген құрметтің бір белгісі.

«Таза Қазақстан» бастамасы осы түсінікті қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр. Аудан тұрғындарының бірге шығып, аулаларды тазалап, ағаш отырғызып, қоғамдық орындарды ретке келтіруі – жақсы дәстүр. Әсіресе әр жастағы адамдардың бір іске жұмылуы көңіл қуантады. Мұндай кезде тазалық жұмысының өзінен бөлек, адамдардың бір-біріне деген жауапкершілігі де арта түседі.

Мен үшін таза аудан дегеніміз – тек қоқысы жоқ жер емес. Ол – тұрғындары бір-бірінің еңбегін бағалайтын, ортақ дүниеге ұқыпты қарайтын, туған жерін қадірлейтін орта. Осындай түсінік қалыптасса, «Таза Қазақстан» жұмысы уақытша науқан болып қалмай, күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналады деп ойлаймын.

 

Г.ЖОЛДАСҚАЛИ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT