Туған жерді түлету – әр азаматтың парызы

«Таза Қазақстан» аясындағы тағы бір маңызды бағыт – елді мекендерді көгалдандыру. Ағаш отырғызу арқылы біз бүгінгі күнді ғана емес, болашақ ұрпақтың өмір сүретін ортасын да жақсартамыз.

Ауданымызда көшеттер отырғызылып, аулалар мен қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жасыл желек көбейген сайын ауаның тазалығы мен ауданның көркі де арта түседі. Әсіресе жастардың осындай жұмыстарға белсенді қатысуы жақсы үлгі деп ойлаймын.

Бір тал отырғызу – кішкентай іс сияқты көрінгенімен, оның пайдасы жылдар бойы жалғасады. Сондықтан әр тұрғын туған жерін көгалдандыруға атсалысып, отырғызылған көшеттерге күтім жасауға жауапкершілікпен қарауы қажет.

 

Г.Сәдуақас

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT