Тазалық – әрбір елді мекеннің көркі мен тұрғындарының мәдениетінің айнасы. Туған жеріміздің таза әрі көрікті болуы тек коммуналдық қызметтердің емес, барлық тұрғындардың ортақ жауапкершілігі. Әр адам өз ауласын, көшесін және қоғамдық орындарды таза ұстауға мән бергенде ғана қоршаған орта көркейе түседі.
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы осы бағыттағы игі бастамалардың бірі. Акция аясында тұрғындар мен мекеме қызметкерлері сенбіліктерге қатысып, аумақтарды қоқыстан тазартуға және абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысуда. Мұндай шаралар қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Туған жердің тазалығына бейжай қарамау – елге деген жанашырлықтың белгісі. Сондықтан әрбір азамат қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлесін қосуы қажет.

