Туған жердің тазалығы – болашаққа аманат

«Таза Қазақстан» – қоғамды ортақ мақсатқа жұмылдыратын маңызды экологиялық жоба. Оның негізгі мақсаты – табиғатты қорғау, елді мекендерді таза ұстау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін дамыту. Бұл бастама біздің ауданымыз үшін де өте өзекті. Себебі ауданның тазалығы тұрғындардың денсаулығына, қоршаған ортаның сапасына және өңірдің дамуына тікелей әсер етеді.

Ауданда ұйымдастырылатын сенбіліктер, ағаш отырғызу акциялары және көгалдандыру жұмыстары табиғатты сақтауға үлкен үлес қосады. Сонымен қатар әрбір тұрғын өз үйінің айналасын таза ұстап, қоғамдық орындарды ластамауға жауапкершілікпен қарауы тиіс. Табиғатты қорғау тек мемлекеттік мекемелердің міндеті емес, бұл – барша қоғамның ортақ ісі. Осындай игі бастамалар адамдарды ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа және туған жеріне жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді.

Қорыта айтқанда, ауданымыздың таза әрі көрікті болуы – өз қолымызда. Әрқайсымыз тазалықты сақтауға күн сайын үлес қоссақ, «Таза Қазақстан» бастамасының мақсаты орындалып, ауданымыздың экологиялық жағдайы жақсарып, келешек ұрпаққа таза әрі жайлы орта қалдырамыз.

 

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT