Туған жерді таза ұстау – ортақ міндет

Туған жердің тазалығы әр азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігін көрсетеді. Осы мақсатта елімізде жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» бастамасы аудан тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға шақырып отыр.

Аудан аумағында ұйымдастырылған тазалық шараларына түрлі сала мамандары мен белсенді жастар қатысуда. Олар көшелерді қоқыстан тазартып, аулаларды ретке келтіріп, ағаштарды әктеу және көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде. Әсіресе жастардың осындай қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуы – жақсы бастамалардың бірі. Себебі экологиялық мәдениет жас кезден қалыптасады.

Ауданның таза болуы тек арнайы қызметтердің жұмысына байланысты емес. Әр тұрғын өз ауласын, көшесін және қоғамдық орынды таза ұстаса, үлкен нәтижеге қол жеткізуге болады. «Таза Қазақстан» – бір күндік шара емес, күнделікті өмір салтына айналуы тиіс игі бастама.

 

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT