Туған жердің көркі – өз қолымызда

Тазалық – көрікті көшелер мен жинақы аулалар ғана емес, ол – туған жерге деген құрметтің, азаматтық мәдениеттің айқын көрінісі. Осы тұрғыдан алғанда, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы әр тұрғынды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндейтін маңызды бастамаға айналды. Табиғатты қорғау мен елді мекендердің көркін сақтау – бүгінгі күннің ғана емес, келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз.

Махамбет ауданында бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Елді мекендерді абаттандыру, көшелер мен қоғамдық орындарды тазалау, ағаш көшеттерін отырғызу, көгалдандыру және санитарлық тазалықты сақтау шараларына мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жастар, еріктілер және тұрғындар белсенді атсалысуда. Мұндай игі істер ауданның келбетін көркейтіп қана қоймай, адамдардың табиғатқа деген жанашырлық сезімін нығайта түсуде.

Туған жердің тазалығы – бір күндік сенбілікпен өлшенбейді. Ол әр адамның күнделікті ісінен, айналасына деген қамқорлығынан басталады. Әркім өз ауласының, өз көшесінің тазалығына жауапкершілікпен қараса, ауданымыздың ажары артып, өмір сүруге қолайлы орта қалыптасады. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясын уақытша шара ретінде емес, ортақ мәдениет пен өмір салтына айналдыру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Таза табиғат пен таза орта – келешек ұрпаққа қалдыратын ең қымбат мұрамыз.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT