Туған жерді көркейту – ортақ міндет

«Таза Қазақстан» акциясы аясында ауданымызда абаттандыру және көркейту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Аула аумақтарын ретке келтіру, қоғамдық орындарды жаңарту және қоршаған ортаны күтіп ұстау – осы бастаманың маңызды бағыттарының бірі.

Туған жердің көрікті болуы тұрғындардың белсенділігіне тікелей байланысты. Ортақ іске жұмыла қатысу арқылы әркім ауданның дамуына өз үлесін қоса алады.

Көркейген ауыл мен таза көше – елге деген жанашырлықтың белгісі. Сондықтан туған жерді абаттандыру жұмыстарына атсалысу – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.

 

Г.СӘДУАҚАС

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT