Ауылдың ажары алыстан-ақ байқалады. Түзу жол, таза көше, жинақы аула мен күтімі жақсы қоғамдық орындар елді мекеннің көркіне көрік қосады. Осы бағытта «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауданда түрлі жұмыстар атқарылуда.
Мекеме қызметкерлері мен тұрғындар бірігіп, көшелерді ретке келтіріп, қоғамдық орындарды тазалауға және абаттандыруға атсалысуда. Мұндай жұмыстар ауылдың сыртқы келбетін ғана емес, тұрғындардың туған жерге деген жауапкершілігін де арттырады.
Әсіресе ортақ іске жұдырықтай жұмылған елдің еңбегі нәтижелі болады. Бірі ауласын ретке келтірсе, бірі көшет отырғызады, енді бірі қоғамдық орындардың тазалығына үлес қосады.
Туған жердің көркеюі – тек белгілі бір мекеменің емес, барша тұрғынның ортақ ісі. Ауыл таза болса, көңіл де таза. Сондықтан елді мекеннің әрбір бұрышына жанашырлықпен қарау – баршамызға ортақ міндет.
Г.СӘДУАҚАС


